|
26.01.2024 | 16:04
2575

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды

Күн сайын желіде 186 жедел жәрдем бригадасы 3 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетеді

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматыда 55 жаңа медициналық көліктің кілтін қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.


Тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен сатып алынған «В» санатына сәйкес санитарлық автокөліктер әлемдік брендтердің заманауи медициналық құрылғысымен жабдықталған: реанимациялық жабдықтар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, жасанды тыныс алу аппараттары және т.б.

Алматы қаласында жедел медициналық көмекті, уақытылы қолжетімділікті ескере отырып, Жедел медициналық жәрдемнің географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан 12 қосалқы станциясы көрсетеді. 55 көлік барлық аудандық қосалқы станцияға таратылады. Бұл медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

Алматыда күн сайын желіде 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп, 3 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетеді.

2023 жылдың соңында жедел жәрдем бригадалары 1 миллионнан астам шақыруды қабылдады. Қоңыраулардың 93%-ы 1-3 санат бойынша уақтылы келумен қамтамасыз етілген.

2023 жылдың соңында жедел жәрдем көлігінің тозуы 69 пайызды құрады.

Сатып алынған жаңа көлікті есепке алғанда, бүгінде тозу көрсеткіші 46% құрады.

Көліктің тозу пайызын төмендету мақсатында биыл тағы 48 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.

Алматы қаласы әкімдігі жедел медициналық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Осылайша, 2023 жылы әкімдік жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, цифрландыруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, симуляциялық орталықтың жабдығы мен үлгілерін сатып алуға, қызметкерлерді нысанды киіммен қамтамасыз етуге, медициналық құрал-жабдықты (дистанциондық ЭКГ, оттегі ингаляторы) сатып алуға мүмкіндік беріп, қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша сатып алынған санитарлық автокөліктерге уақтылы техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылды.

2024 жылға 4 қосалқы станса құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеу және 3 қосалқы стансаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.

Жалпы жедел жәрдем қызметін дамытудың 2028 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындардың тығыздығы мен қаланың дамуын ескере отырып, 12 жаңа қосалқы станса салу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы халықты тегін емдейтін клиникалардың 64% жекеменшік болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир