|
27.09.2023 | 10:16
3168

Алматыда қай көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Бұл аймақта магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыс жүргізіледі

Алматыда қай көшеде көлік қозғалысы шектеледі gov.kz

27 қыркүйекте сағат 10:00-ден 29 қыркүйекте сағат 21:00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Панфилов көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта Мәметова көшесі бойынша автокөліктерге арналған жол жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шектеу кезеңінде екі бағытта да көлік қозғалысына көшенің солтүстік жағынан рұқсат етіледі.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

«Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир