|
22.01.2019 | 10:34
8285

Алматыда АИ-92 маркалы бензин бағасы арзандады

Алматыда АИ-92 маркалы бензин бағасы арзандады

Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандады, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Royal Petrol және Petrol Asia сайттарында ең танымал бензин маркасының құны 149 және 147 теңгеден. 149 теңгеде Sinooil бекеттері де сатып жатыр. Мұның алдында АИ-92 барлық бекетте 156 теңгеден еді.

«ҚазМұнайГаз»-да АИ-92 152 теңгеден сатылып жатыр, бұл баға Helios станцияларында да тұр. «Газпромнефть» call-орталығындағылардың айтуынша, бензин литрі 156 теңге тұрады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир