|
12.09.2023 | 19:17
3749

№55 маршрут қосымша 6 автобуспен толықты

Қалалық мобилділік басқармасы автобус санын көбейтті

№55 маршрут қосымша 6 автобуспен толықты nur.kz

Абай даңғылындағы аялдамада жолаушылардың топталуына қатысты қалалық мобилділік басқармасы түсіктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін хабарланғандай, қалалық мобилділік басқармасының тапсырмасына сәйкес, Көлік холдингі сұранысқа ие учаскелерді анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолаушылар ағынына қатысты анализ жүргізуде.

Бұл учаскеде №55, №49, №142, №78 және №110 маршруттар жүреді.

Жолаушылардың ең көп бөлігі №55 және №49 маршруттарда тіркелген. Жолаушылар ағынын сараптаудың алдын ала қорытындысына сәйкес қалалық мобилділік басқармасы тасымалдаушылармен бірлесе отырып аталған маршруттарды қарбалас уақытта күшейту туралы шұғыл шешім қабылдады. 12 қыркүйектен бастап №55 маршрутқа қосымша 6 автобус шығарылады.

Осылайша, 18 автобустың жүру жиілігі 11 минуттан 7 минутқа дейін қырқарады деп күтілуде.  №49 маршрутта қарбалас уақытта 8 автобустың орнына 12 автобус қызмет көрсететін болады. Бұл шара автобусты күту уақытын 13 минуттан 7-8 минутқа дейін азайтады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда қандай ағаш түрлері көбейеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир