«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

«Almaty» Телерадиокомпаниясы» акционерлік қоғамының комплаенс-менеджері Қоғамның комплаенс-менеджері туралы Ережеге сәйкес Директорлар кеңесіне ұйымдық және функционалдық есеп беретін тәуелсіз лауазымды тұлға болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау болып табылады.

Комплаенс (ағылш.) «сәйкестік». Бұл функция ұйымның ішкі рәсімдерінің халықаралық және жергілікті реттеуші нормаларға сәйкестігін бақылайды.

Негізгі міндеттер:

- Қоғамның барлық қызметкерлері мен клиенттерінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптары мен халықаралық практиканы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

- функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде Қоғам басшылығының, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің барлық қызметкерлері арасында дамудың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау, кейіннен себептер мен жағдайларды жою;

- заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.

Тәуекелдерді азайту мақсатында заңнаманы және/немесе Әдеп кодексін бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және Қоғам қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтарды уақтылы анықтау және болдырмау үшін жедел желі жұмыс жасайды.

Өтініштерді барлық тұлғалар келесі байланыс арналары арқылы бере алады:

 

+7 707 1031424

+7 727 339-56-81

Пошта compliance@Almaty.tv

Алматы қ-сыҒабдуллин к-сі, 88А, 104 каб.