29.08.2014

Алматыда бір күнде қоғамдық көлікте билетсіз жүрген мыңға жуық жолаушы анықталды

Бір күннің ішінде Алматыда қоғамдық көлікте билетсіз жүрген мыңға жуық жолаушы анықталған. Олар 80 теңге үшін айып арқалады. Бүгін, желі бойындағы бақылау қызметі муниципалды автобустарға аяқ астынан тексеру жүргізді.

Қоғамдық көліктегі билетті күн сайын бақылау ақпан айынан бері қолға алынған. Өйткені, бұған дейін ара-тұра бақылайтынын білетін жолаушылар көлікте тегін жүруді әдетке айналдырған. Тілшілер мен бірге бір сағат бойы желі бақылау қызметінің мамандары 10-ға жуық автобусқа тексеру жүргізді. Алайда тек ғана екі адамның билетсіз мінгені анықталды.

«Біз күніне 10-14 адам ұстаймыз. Бәрін ескертумен жібереміз. Жол ақысыны келесіде төлеп жүріңіздер деп айтамыз. Бірақ, қолымыздан келгенше автобустың ішінде, сол орында төлеткіземіз», - деді "Алматыэлектрокөлік" ЖШС желі бойындағы бақылау қызметінің маманы Арайлым ЖҰМАБЕКОВА.

Қоғамдық көліктердегі билетсіз жолаушыларды қадағалайтын 60 тан астам маман бар. Олардың айтуынша, «демалыс айларында тегін жүрушілердің саны азайып қалады. Өйткені, ондайлардың көбі студент жастар», - дейді бақылаушылар.

Айта кетейік, бүгінде Алматы бойынша 218 тролейбус пен 18 трамбай бар. Ал, муниципалды автобустың саны 450. Жыл аяғына дейін тағы да 150-і әкелінеді деп күтілуде.

Үмбетәлі Меймеш, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир