22.06.2016

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды

Тілсіз жаудың салдарынан орын алған кезекті жағдай. Көпқабатты тұрғын үй өртке оранды. Жалын тұрғын үйдің жоғары қабатынан бастау алған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Дер кезінде келіп жеткен құтқару тобы 52 адамды қауіпсіз аймаққа шығарған.

Өрт жайлы ақпарат төтеншеліктерге түскі сағат 12.20 шамаларында келіп түседі. Оның өзінде тілсіз жауды сырттағы адамдар байқаған. 4 минуттың ішінде келіп жеткен төтенше жағдай мамандары өртпен екі сағаттай арпалысыпты. Ақпар бойынша, тілсіз жау Рысқұлбеков көшесіндегі 14 қабатты үйдің жоғары қабатынан тұтанған.

"Жоғары қабаттағы пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Біз әлі анық-қанығын білмейміз. Тек өрттің сол уйден шыққанын білеміз",- деді  тұрғын Людмила Надюшина.

Құтқару тобы сол уақытта үйінде болған 52 адамды сыртқа шығарған. Жалынды ауыздықтауға бар қызметін іске қосқан төтеншеліктер өрттің өзге аймақтарға таралмауын қадағалады. Бір қуантарлығы, зардап шеккендер жоқ.Әзірге өрттің шығу салдары нақтылануда.

"Сағат 12.20-да үй өртеніп жатыр деген хабарлама түсті. Біз 4 минуттын ішінде жеттік. 14 қабатты тұрғын үйді өрт алған екен. Алайда бізге біраз қиындық келтірген жағдайлар болды. Өрт алған пәтерде тез жанғыш материалдар көп екен. Дегенмен өртті өшірдік. Тұрғындар сыртқа шығарылды. Өрттің таралу аймағы әзірге белгісіз",- деді ТЖД басшысы  Серік ӘУБӘКІРОВ.

14 қабаттан басталған жалын үйдің төбесіне дейін жеткен. Қазіргі сәтте өрттің шығу себебі белгісіз.

Ермек Серікұлы, Әсет Құндақбаев, "Алматы" телеарнасы

Прямой эфир