31.10.2013

Алматыда сатылып жатқан ойыншықтар бала денсаулығына аса зиян

Алматыда сатылып жатқан ойыншықтар бала денсаулығына аса зиян. Соңғы тоғыз айдың қортындысын жасаған техникалық реттеу және метрология комитеті талапқа сай келмейтін ойыншық сатқан саудагерлерге 2 миллион теңгенің айыппұлын салған. Бірақ, сәби денсаулығынан көрі пайда табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер ескертпені елеп жатқан жоқ. Тақырыпты тілші жалғастырады.

Зертханаға жеткізілген мына заттардың ешқайсысы сынақтан өтпеді. Сәби ойнайтын сылдырмақтар мен баласы бар кез-келген үйден кездесетін түбекте талапқа сай болмай шықты. Олардың құны қымбат болмағанмен бояу құрамы сапасыз. Тез сынатын пласмастардың кез келген уақытта өткір қаруға айналатынына да ешкім кепілдік бере алмайды.

Мамандар ойыншықтарды химиялық бояуы, жағымсыз иісі, кесу қауіпсіздігі, электрлік таралымы сынды жалғасып кете беретін оннан астам сынақтан өткізеді. Бұның бәрі арнайы зертханадағы құралдар арқылы анықталады. Ал ата-аналар балаларына ойыншық алар кезде ең басты әрі қарапайым ғана тәжірибе жүргізе алады. Ол адам температурасымен сәйкес. Яғни, 36 градус ыстық суға ақ матаны батырып, алатын затын бірнеше рет ысқыласа болғаны. Егер бояу жұғылмаса бала сілекейі арқылы бояу ішке кетпейді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматыдағы бөлімшесі жеке адамдар шағымының сыртында 30-дан астам субектіні тексерген. Бей берекет сатылып жатқан базардағы сауданы қойып, тек ойыншық тасымалымен айналысатын ірі кәсіпорындар талапты орындамай отыр. Инспекторлар бір ғана Элфина жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі 16 миллион 691 мың теңгенің ойыншықтарын жарамсыз, қауіпті деп тапқан.

Ералы СЕРIКБАЕВ, Мемлекеттiк инспектор:

- Баланы жарақатауы, өткір иісінің және статистикалық алаңы дейміз. Соның нормадан тыс көбейіп кетуі. Тексеру барысында сапасын куәландыратын сертификаттардың болмауы анықталды.

Қытайдан ағылған ойыншықтардың сыртында Швейцарияда жасалған заттардың да балаға зиян екені анықталған. Мамандар «Вакутраид, Өрмекші адам, полиция машиналары, қуыршақтар мен Вакуган мылтығы сынды соңғы кезде кішкентайлар арасында сәнге айналған ойыншықтардың қауіпі жоғары»,- екенін айтады. Алайда, баласына тигізетін зиянынан қарағанда ойыншықтардың арзанына алданған ата-аналар бұл ескертпені елеп жатқан жоқ.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир