09.06.2016

Алматылық мектептер "білім төңкерісіне" дайындалуда

Жаңа оқу жылынан бастап 1 сынып оқушылары жаңа білім бағдарламасы бойынша оқиды. Ал, оларға білім беретін оқытушылар қазірден бастап арнайы курстан өтіп жатыр. Қыркүйек айына дейін еліміздегі 601 бастауыш сынып мұғалімі арнайы дәріс алып шығады.

Оқушылар секілді партаға жайғасқан бұлар бастауыш сынып оқытушылары. Олар 3 апта бойы Назарбаев зияткерлік мектебі жанындағы педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласы бойынша бөлімшесінде арнайы курстан өтеді. Жаңартылған білім мазмұнын мұғалімдер жаңа оқу жылынан бастап 1 сынып оқушыларына үйретеді.

«Бұл әдістерді біз не үшін пайдаланамыз. Заман талабына сай қазіргі балалардың өздерінің білетін жақсы көретін көрнекіліктері мен суреттерін, мысалы мынау сияқты 3Д фигураларды пайдалану арқылы олардың сабаққа деген ынтасын арттыру деп ойлаймыз».

Жаңа мазмұн оқушылардың білімін жаңа деңгейге көтеретініне сенім көп. Жаңа оқу жылына дейін 601 бастауыш сынып мұғалімі арнайы курстан өтеді.

«Бұл курстан мұғалімдерімізге қазіргі таңдағы жаңартылған білім бағдарламасының мақсатын, міндеттерін, сонымен қатар инновациялық технологияларды қалай қолдануымыз қажет»,- деді оқытушы-тренер Гүлмира МЫШБАЕВА.

Оқушылар бұдан былай оқулықты қажет етпеуі де мүмкін. Жаңа білім мазмұны қолданысқа енгізілгеннен кейін теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде көзқарастарын жаңартпақ. Аталмыш курстар әлі де жалғасын табады.

«Биылғы біздің үкіметіміздің алдына қойған үлкен мақсаты - 12 жылдық білім беру саласына өту. Соның алғашқы қадамы биылғы алдымыздағы оқу жылынан басталғалы отыр. Бұл мектеп табалдырығын аттайтын 1 сынып оқушыларымен жаңа білім беру мазмұнын бастаймыз»,- деді бастауыш сынып мұғалімі Жанар ҚҰСАЙЫНОВА.

12 жылдық білім берудің алғышарттары ретінде 1 сынып оқушылары осы жылдан бастап оқи бастайды. Бұған дейін хабарлағандай, еліміз бойынша 30 мектеп қанатқақты жобаны сынап көрген болатын.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир