30.10.2013

Алматының электр қуаты екі есеге үнемделмек

Алматының электр қуаты екі есеге үнемделмек. Бүгін жас өнертапқыштар өздерінің тың жаңалықтарын қала әкіміне таныстырды. Олар, туризм, электр желісі, қоғамдық көлік және денсаулық сақтау саласына арналған 5 жоба ұсынып отыр. Отандық жас ғалымдар жасаған ғаламаттар "Жастар инновейшн" жобасы барысында көрсетілді. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Өнертапқыштардың мына жобасы НАНО технологиясы арқылы жасалынған электр шамы. Дәл осындай туынды әлем елдерінде тұңғыш рет. Бұл, әдеттегі электр шамдарынан екі есе жарықты артық шығарады. «Тіпті, қуат көзінде екі есеге үнемдейді»,- дейді жоба жетекшісі.

Сағи ОРАЗБАЕВ, жоба жетекшісі:

- Бұл лампаның ерекшелігі - интенсивтіліні артатындығында.

Жас ғалымдар жасаған ғаламаттар қала басшысын алдында таныстырылды. Инновациялық технологияның тілін меңгерген студенттер бірнеше жоба ұсыныпты. Олар, туризм, электр желісі, қоғамдық көлік және денсаулық сақтау саласына арналған. Бұлар алыпшаһар экономикасын арттыратын инфрақұрылымның негізгі жүйесіне айналмақ. «Жобаның жоспары жасалып, аяқсыз қалмауы керек»,- деді әкім.

Ахметжан ЕСІМОВ, Алматы қаласының әкімі:

- Біздің қала өздеріңіз білетіндей еліміздің ғылыми орталығы болып саналады. Еліміздегі ғылыми өнертабыстың 47 пайызы, Алматы қаласына тиесілі. Алғашқыда, 42 болды, сосын 44 пайызға өсті, бұл жерде ескере кететін бір жайт, ғылыми жаңалықты енді тек жоба түрінде ғана қалдырмай жүзеге асыру керек.

Сондай-ақ, өнертапқыштар әуеден бақылайтын тікұшақ тәрізді құрылғы ойлап тауыпты. Ол, қала тынысын жоғарыдан қарап, қауіпсіздікті арттыруға септігін тигізеді. Ал, электр қуатын үнемдейтін шамнан басқа да жобаларды тәжірибеден өткізу құзырлы мекеме жетекшілеріне жүктелді.

Еліміздегі ғылыми қызметкерлердің тең жартысы Оңтүстік астананың еншісінде. Бұл салада 7 жарым мыңнан астам ғалым қызмет етеді. Осы мақсатта Алатау ауданына индустриалды аймақ салынбақшы. 400 мың гектар алқапты алатын жобаға 20 мың жұмысшы тартылатын болады.

Үмбетәлі Меймеш, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир