30.10.2013

Жарық энергиясын тиімді үнемдеу шараларын қолға алуда

Жарық энергиясын тиімді үнемдеуде қаламызда тиісті шаралар қолға алынуда. Оған қала көшелердегі жарық диодты шамдарының кеңінен қолданылуы дәлел. Сонымен қатар, келешекте Алматы облысында жел энергиясын өндіретін отандық қондырғылар орнатылмақ. Бұл мәселелер бүгін энергетиктер форумында сөз болды. Тақырыпты Қайырбек Жәйлібекұлы жалғастырады.

Үнем деген үлкен мәселені шешу үшін үкіметте күннен, желден, судан қуат алудың жолы қарастырылуда. Тіпті, ел аумағында кейбір құрылғыларды орнатып та жатыр. Десе де, мамандардың сөздерінше, елімізге әкелінген халықаралық стандартқа сай бағандар үмітті ақтап отырған жоқ. Себебі, олардың басым бөлігі республикамыздың климатына сай жасалмаған. Ал, бізде жел ауа ағыны бірқалыпты емес. Ғылыми-зерттеу энергетика институтының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшін өз жобаларын ұсынып отыр. Айтуларына қарағанда, сарқылмайтын энергия көзін, Алматы өңіріне қондыруға мүмкіндік жоғары.

Петр КВАСОВ, Ш.Ч.Чокин атындағы қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтының қызметкері:

- Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Оның басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан, олардың қай жерге орнатылғаны маңызды. Сол себепті құрылғылар шалғай аймақтарға тұрғызылатын болады.

Алматы әкімшілігі жарық көзін тиімді пайдалануда тиісті шараларды қолға алып келеді. Қазір жарықдиоттық шамдардың шама-шарқына шүбә келтірмеген шенділер әлеуметтік нысандар мен қала көшелерін жарықтандыруда аталған құрылғыларды қолдануда. Әзірге нәтиже жаман емес, жыл басынын бері қала бюджеті 400 миллион теңгені үнемдеген. Өйткені, жарық диодты шамдар қарапайым шамға қарағанда энергия қуатын 80 пайызға дейін аз жұмсайды екен. Қызмет ету мерзімі ұзақ болғандықтан жөндеуге, айырбастауға кеткен қаржы көп үнемделеді. Қарапайым шамнан 6-15 есе ұзақ жұмыс істейді. Салада тер төгіп жүрген қызметкерлер олардың адам денсаулығына титтей болса да тиер зияны жоқ.

Сырым НҰРҒАЛИЕВ, БҰҰ Даму Бағдарламасы ҒЭҚ жоба менеджері:

- Бұлардың адамның көру қабілетіне кері әсерін тигізетін жағдайлар тіркелмеген. Әрине, шамдарды тиісті нормалар бойынша орнатса, алаңдаудың қажеті жоқ. Мұны шетел мамандары 3 жыл жүргізген зерттеу нәтижелерінен соң, дәлелдеген. Біз де өз тарапымыздан құр отырғанымыз жоқ. Тазалық індет қызметкерлерімен тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Энергетиканы үнемдеу мақсатында 2012 жылы екі құжат дайындалған. Ол 2020 жылға дейін маңыздылығын жоғалтпайды деп жоспарлануда. Ал, 17 елден ат артып келген 160 компанияның басын қосқан жиын 2 күнге созылады. Сарқылмайтын қуат көзін тиімді пайладануда олар тәжірибе алмасып, түрлі семинарлар өткізеді. Бірқатар қанатқақты жобаларын сынап көрмек.

Қайырбек Жәйлібекұлы, Әл-Фараби Гусинцов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир