30.10.2013

Алып шаһар - жаңа идея, жаңа жоба ұсыну бойынша алдыңғы қатарда

«Алып шаһар - жаңа идея, жаңа жоба ұсыну бойынша алдыңғы қатарда». Кеше нұротандықтардың басы қосылған жиында қала әкімі Ахметжан Есімов осылай деп мәлімдеді. Отырыс барасында елордада өткен 15 съезға байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Толығырақ тілші Ануар Карбозов әңгімелейді.

Нұротандықтар болашағамыздың баянды болуына кепіл беруде. Осының бір айқын дәлелі ретінде Алматыда өткен жиынды айтуға болады. Салмақты ойлар айтылған басқосудың шымылдығын әдеттегідей қала әкімі ашты.

Ахметжан ЕСIМОВ, Алматы қаласының әкiмi:

- Бүгінгі кеңейтілген отырыста 15 съездің мәселелері қаралмақ. Осы мәселелердің жүзеге асырылуы жайлы сөз қозғамақпыз. Отырыс ашық.

Зарина Петрова - Қазақ ұлттық аграрлық университетнің студенті. Өзге ұлттың өкілі болса да қазақ тілін жетік меңгерген. Ауыл шарушылығы мамандығы бойынша білім алып жатқан ол, «дипломмен ауылға бағдарламасының толық құптай отырып, өскелең ұрпақты патриот болуға шақырды».

Зарина ПЕТРОВА, ҚазҰАУ-нiң 2 курс студентi:

Бүгінгі жиында мен жастардың патриот болу керектігін айттым. Сондай-ақ дипломмен ауылға бадарламасын толығымен қолдаймын.

Сондай-ақ отырыста қала басшысы жаңа инновациялық ойларды ұсыну керектігін баса айтты. Алып шаһар - жаңа идея, жаңа жоба ұсыну бойынша алдыңғы қатарда. Алайда, әлі де нәтижелі жұмыстар атқару керек екенімізді тілге тиек етті.

Ахметжан ЕСIМОВ, Алматы қаласының әкiмi:

- Алматы жаңа инновация ордасы. Бұған жастардың ұсынған ойлары дәлел. Алматы қаласы бұл тізімде 47 пайызбен көштің басын бастап келеді. Бір өкініштісі нәтиже аз.

Сондай-ақ жастар мәселесі жөнінде көп өзекті ойлар айтылды жиында. Нақтырақ айтсақ, бөтен діннің бұғауына түскен студенттер саны жетіп артылады. Осы орайда әкім, оқу ордаларының басшыларына бұл мәселе тез арада шешілмесе, өзі кірісетіндігін айтты.

Ахметжан ЕСIМОВ, Алматы қаласының әкiмi:

- Дін мәселесіне келгенде жастар аңғалдау болады. Ол - біздер, кеңес өкіметінің адамдары. Бұл мәселеге мұқият қараймыз, - деді қала әкімі.

Қабылданған Доктринаның шешімдерін жүзеге асыру үшін жұмылған жұдырықтай жұмыс істеу керек. Әрбір партия қызметкері халыққа бастамашылық пен ұйымдастырудың ең жоғарғы үлгісін көрсетуі қажет дегенді атап өтті қала басшысы. Жиын өтті, салмақты ой айтылды. Барлығының мақсаты -айқын, міндеті бір-келешегіміздің келбетті болуына үлес қосу.

Ануар Карбозов, Тоқмолда Құсайынов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир