30.10.2013

Бүгін инсультпен күрес күні

Бүгін инсультпен күрес күні. Аса ауыр деп саналатын бұл ауруға шалдыққандар саны республика бойынша 50 мыңнан асып жығылады. Ал бір ғана Алматының өзінде 10 мыңға жуық жан өмір үшін шыбын жаны шыққанша шыдап жатыр. Тақырыпты толығырақ тілші тарқтады.

Светлана Нурдечкина 25 жылдан бері қан қысмын реттейтін дәрі-дәрмек ішіп келген. Алайда, дәрі қабылдауды тоқтатқаннан соң, екі айдан кейін есінен талып қалыпты. Дәрігерлер оған алғашқы инсульт деген диагноз қойыпты.

Светлана НУРДЕЧКИНА, емделуші:

- Барша жұртқа айтарым, өздеріңіз қалаған уақытта дәр-дәрмек ішпеңіздер. Дәрігер қайлай нұсқау берсе, солай орындаңыздар. Міне мен де өз ағзамның күштілігіне сеніп, инсультқа ұшырадым.

Ауру айтып келмейді. Жас пен жынысты талғамайтын, аса ауыр деп танылатын дерттің алдын алу үшін бірден дәрігерге қаралу керек.

Светлана КӨПЕСБАЕВА, №7 қалалық аурухананың инсульт бөлімінің меңгерушісі:

- Ең басты белгілері бұл аурудың бас ауру, бас айналу ,ауыз қисайып кетеді. Немесе аяқ-қолының босауы. Тағы бір елгісі бар, естен танып қалады ол аурулар.

Елімізде 50 мыңға жуық жан инсультпен жан беріспей күресіп келеді. Оның 10 мыңы мегаполисте тегін ем-дом қабылдап жатыр. Олардың шамамен 70 пайызға жуығы мүгедек болып қалатын болса, 10 пайызы бақилық болады екен. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Сондықтан, әлем болып дабыл қағатын бұл аурумен күрестің алғашқы жолдары адамзаттың салауатты өмір салтын сақтаудан басталмақ.

Әйкерім Ердәулетқызы, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир