31.10.2013

Келімсектер күн санап көбеюде

Келімсектерден қашан құтыламыз? Жыл басынан бері қаламызға 30 мыңға жуық мигрант келген. Шаһарымызға нәпақасын табу мақсатында әсіресе көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елінен көптеп келеді екен. Бұл тұста заңсыз көші-қон жиілей түсіп, жемқорлыққа да жол беріледі. Бүгін қаламызда өткен жиында бұл мәселе қызу талқыға түсті.

Айта кетерлігі жыл басынан бері Алматыға 29 мың 500 адам шетелден келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Соның ішінде 500 азамат заң бұзушылыққа байланысты ел аумағынан шеттетілген. Алайда, өзінің кәсібін дөңгелетіп сауда-саттықпен айналысып жүрген босқындар да кездеседі. Олардың саны 16 мыңнан асып жығылады. Мигранттар көбіне Тәжікстан және Өзбекстаннан келеді екен.

Ержан АЛТАЕВ, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полиция басқармасының басшысы:

- Біз қалай бастаймыз базарды тексеруді аяғына жеткенге дейін базардың жартысы жабылып қалады. Біледі біздің рейдке келгенімізді және де ұсталған күннің өзінде олар «мен жай мына жерге келіп сауда жасап тұрмын»,- дейді. Оны біз дәлелдей алмаймыз.

Келімсіктер көбінесе қаланың төменгі бөлігінде орналасады. Олар сауда орындарына жақын орын теуіп, нәпақасын тауып, пәтер жалдап тұрады. Шенділер бас қосқан жиында бұл мәселе де қозғалды. Жалдамалы баспанада өзге ел азаматтары еш жерде тіркелмегендіктен оларды анықтау қиынға соғатын көрінеді.

Тілеубек МҰҚАШЕВ, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы:

- Алматы қаласындағы жуырда базарда болған өрт Барахолкада көптеген босқын бар екендігін әшкерлеуге септесті. Олардың сауда-саттық жасауына ешбір рұқсаты да құжаттарыда жоқ. Бұл жайттар үлкен сауда кешендерінде бақылау жүргізілмегендігінің дәлелі.

Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Астанада шетел азаматтарымен 16 қылмыс тіркелген. Көші-қон полициясы келімсектермен күресті күшейту үшін қосымша көмек қажет екендігін алға тартуда. Қазіргі таңда 1 жарым миллион тұрғыны бар Алматыда 48 қызметкер жұмылдырылған.

Перизат Көмекбайқызы, Тоқмолда Құсайынов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир