14.07.2016

Хайуанаттар бағындағы ең кәрі құс 56 жасқа толды

Құстар да көп жасайды. Бұған Алматы зообағындағы қанаттылар дәлел. Хайуанаттар бағындағы ең кәрі құс 56 жасқа толды. Одан бөлек, зообақты 32 жастағы түйеқұс, 25 жастағы лашын және 30 жастағы үкілер де мекендейді.

Алматы зообағының негізі 1936 жылы қаланса, ал, бұл вольер шамамен 1940 жылдары салынған. Қазіргі таңда мұнда үкінің 3 түрі мекендейді. Болашақта ол сүріліп қайтадан орнына жаңасы салынбақ.

Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері құстардың санағын аяқтады. Зообақ енді құрылған жылдар кезінде салынған мына торда ең кәрі құстардың қатарындағы үкілер мекендейді. Құстың дәл қай жылы туылғаны белгісіз. Бірақ оны зообаққа 1986 жылы қала тұрғындары әкеліп тапсырған. Осы тордан шықпағанына тура 30 жыл. Негізі табиғатта үкілердің мұндай ұзақ жас жасауы сирек кездеседі. Мұның сыры оларға жасалған ерекше күтім мен уақытылы тамақтандырудың арқасында, дейді зообақтың жыртқыш құстар бөлімінің меңгерушісі. Ұзақ өмір сүрген құстардың түрі мұнымен шектелмейді.

«Құстар бөлімінде бізде 2005 бас құстар бар. Оның 32 түрі бар. Осы 32 түрлерінің ішінде ең ұзақ өмір сүріп келе жатқан осы хайуанаттар бағында құстардың бірі болып жұртшы болып саналады. Оның аталығы 1960 жылы Мәскеу қаласының зообағынан келген. Олардың ұзақ өмір сүруі жағдайлары жақсы», - деді Алматы зообағының жыртқыш құстар бөлімінің меңгерушісі Назгүл ЕЛДИЕВА.

Ұзақ жасағандардың қатарында түйеқұс та бар. Ол 1984 жылы туған. Биыл ол 32 жасқа толғалы отыр. Негізі табиғатта олар бар болғаны 15 жыл өмір сүретін көрінеді. Сондай-ақ зообақтағы қара гриф те ең кәрі құстардың бірі. Ол да 2016 жылы 37 жасқа келеді. Негізі хайуанаттар бағында ұзақ жасаған құстардың түрі көп. Туған күндеріне зообақ қызметкерлері тосын сый жасап, дәмді тағамдар беріп тұрады.

«Алматы хайуанаттар бағында басқа да ұзақ өмір сүріп келе жатқан құстар жеткілікті. Осы хайуанаттар бағында балалап, бала-шағаларын өсіріп, оның балалары олар да жұп құрып, өмір сүріп, көбейіп жатыр. Негізінде ұзақ сүргендер бізде құмайлар, таз қара бар. Олар да кейбір тазқара бар бізге 1984 жылы табиғаттан алып келген. Олар да көбейіп, хайуанаттар бағында өмір сүріп жатыр», - деді Алматы зообағының жыртқыш құстар бөлімінің меңгерушісі Назгүл ЕЛДИЕВА.

Зообақта торларды салу жұмысы жалғасуда. Мамандар балықтар мен құстарға жаңа орындармен қысқа дейін қамтамасыз етеміз деп отыр. Енді келушілер ыстық жаққа үйренген экзотикалық құстарды жылы және әйнекпен қоршалған торларда тамашалайды.

Жадыра Омаржан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы 

Прямой эфир