13.06.2016

Жамбыл шаруалары 50-ден астам табиғи өнім түрлерін ұсынды

Отандық өнімге бет бұруда жәрмеңкенің алар орны жоғары. Қала билігі ұдайы үзбей өткізіп отыратын бұл шара тағы да жалғаспақ. Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының шаруалары 50-ден астам табиғи өнімдерін ұсынды.Нарықтағы бағадан 15-20 пайыз ұсынылған тауарлар қала тұрғындарының көңілінен шықты.

Әкім: Жәрмеңкеге арнайы келдіңіз ғой, иә?
Тұрғын: Иә, арнайы келдім. Ылғи келіп тұрамыз. Жақсы рахмет.
Әкім: Сіз қай жерде тұрасыз?
Тұрғын: Тастақта тұрамын.
Әкім: Тастақтан мына жаққа келдіңіз ба?
Тұрғын: Иә, осы жерге келдім.
Әкім: Ол жақта жоқ па?
Тұрғын: Жоқ, ол жерде ондай жоқ. Бағасы да Тастаққа қарағанда арзан. Арзан.

Бұл сенбі күні Алматыда ұйымдастырылған жәрмәңкедегі әңгіме. Жамбыл ауданының шаруалары қала тұрғындарына 200 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Делдалсыз сатылған азық-түлік өнімдерінің бағасы әдеттегідей нарықтан 15-20 пайызға арзан. Таң сәріден "Астана" алаңына жиналған жұрттың қарасы көп болды. Жұртқа ұсынылған өнімнің жалпы құны 110 млн теңгеге жуықтайды. Жәрмеңкенің өтуін бақылап қайтқан шаһар басшысы Бауыржан Байбек пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев баға мен сапаға оң бағаларын берді.

"Шынында да қала үлкен, нарығы зор. 2 млн адам тұрады қазір де. Сондықтан сапалы әрі арзан өнімдер бізге өте маңызды. Қала тұрғындары  «Астана» алаңында өтетін әр түрлі жәрмеңкеге үйреніп қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, сіздердің арқаларыңызда қасиетті Рамазан айында үлкен жәрмеңке болып жатыр. Сондықтан рахмет",- деді  Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Жамбыл шаруалары ұсынған өнімдердің 36 тоннасы ет, 17 тонна сүт және 93 тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидек. Бұдан бөлек, сөреге қойылған тауарлардың ішінде өзге де кәсіпкерлер ұсынған 34 тоннаға жуық әр түрлі өнім болды. Оның ішінде өсімдік майы, бал мен макарон да бар. Жалпы сатуға ұсынылған өнім көлемі  155 тонна. Рамазан айында арзан өнім кез келгеннің көңілінен шығары сөзсіз. Сондықтан Жамбыл ауданының шаруа қожалықтары қайта келуге ниетті екендерін жеткізді. Мұндай жәрмеңке үш тарапқа да тиімді.

"Бағалары жақсы. Жылқының  етін 1100 теңгеден, қазыны 1000 теңгеден. Бәрі көңілге қонады. Жақсы".

"Базарға қарағанда кішкене арзан болып жатыр. Біздерге жақсы болды. Жәрмеңке көп болса екен деймін. Жақсы тауарларын алып келеді. Жылқының еті, қойдың еті, көкөністер, бәрі өзінікі. Сондай жақсы дәмді".

Жақын күндері дәл осындай 10 қалалық, жыл соңына дейін шағын және көлемді 800 жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланған. Айта кетейік, 8 жылдан бері Алматы қаласына өзге өңірлердің тауар өндірушілері жәрмеңке жасап келеді.

Жадыра Омаржан, Әсет Құндақпаев, "Алматы" телеарнасы

Прямой эфир