Ұлы ойшыл Әл-Фараби шығармаларын түпнұсқадан қазақ тіліне аудару жоспарлануда

Биыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл

Ұлы ойшыл Әл-Фараби шығармаларын түпнұсқадан қазақ тіліне аудару жоспарлануда

Бүгінге дейін бізге Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің шығармалары орыс тілі арқылы аударылып келді. Енді биыл екінші ұстаздың кітаптарын түпнұсқадан, яғни араб тілінен қазақшаға аудару жоспарланып отыр. Кемеңгер тұлғаның биылғы айтулы мерейтойы қарсаңында тағы қандай тың жаңалықтар бар? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын толығырақ айтады.

Қазақ топрағында дүниеге келген ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің баға жетпес асыл қазынасы көпшілікке мәлім. Аристотельдің және басқа да ежелгі ғалымдардың шығармаларына керемет түсініктеме бергендіктен, ол әлемнің екінші ұстазы атанды. Ғұламаның саяси әлеуметтік трактаттары қазақ ғалымдарының ғана емес, әлем елдерінің ерекше назарын аудартты. Оның еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі –  «Музыканың үлкен кітабы» трактаты. Атаулы еңбегі бір жарым мың беттен тұрады.

«Бұл кітапта музыканың теориясы, музыканы математика және физикалық ғылым саласына жатқызады. Мұнда 10 гормония туралы айтады. Бізде 7 нота ғой, әуен мен поэзияның үндестігі, бірінші ән жазылуы керек, одан кейін сөз жазылуы керек дейді. Екеуі бір-біріне сәйкес болуы керек дейді, сәйкес болмаса, дұрыс шығарма шықпайды», – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек Алтаев.

Әл-Фарабидің мұрасы,  әлемдік ғылым дамыуының тарихи іргетасы және бастау көзі. Ұлы ойшылдың 160 астам трактаты мен басқа да еңбектері ғылымының негізгі бағыттарын дамытуға ықпал етті. Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы шығыс пен батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды. Фарабитанушы Жақыпбек Алтаев оның шығармаларының бүгінгі жастарға берері мол екенін айтады.  

«Фарабидің бір ғана өзі жастардың таба алмай жүрген сұрақтарына жауап береді. Адамның хайуанаттан айырмашылығы – оның ақыл парасаттылығында, интеллектуалдығында. Біздің жастарымыз ғылымды игерсе, интеллектуалды жағынан дамыған болса қоғамда өзін еркін ұстайды», – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек Алтаев.

Әл-Фараби орталығы әлемнің белді 12 универсиетінде ашылған. Ал, Стамбул мен Делиде мұражай үйлері жұмыс істейді. Оның еңбектері  – әлем жұрты үшін әлі де сыры ашылмаған құнды дүние. Сондықтан екінші ұстаздың шығармаларын зертеп зерделеу мерейтойдан кейін де жалғаса беретін анық.

Биыл орта ғасырлық ұлы ойшыл Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Арада осынша уақыт өтсе де, оның шығармалы өзектілігін жойған жоқ. Ол қазақ халқының ғана емес, әлемдік өркениеттің игілігін айнала білді.

Bólisý


Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!