Саябақтың ашылуына Қазақстанның Түркиядағы елшілігі бастамашы болғаны айтылады
Анталияда Абай атындағы саябақ ашылып, ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Саябақтың ашылуына Қазақстанның Түркиядағы елшілігі бастамашы болғаны айтылады.
Саябақтың ашылу рәсімінде Абайдың белгілі өлеңдері мен әндері шырқалды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ашылу салтанатында сөз алған Мұратпаша ауданының мэрі Умит Уйсал Абай Құнанбайұлының саябағына иелік ету қазақ және түрік халықтарының рухани және мәдени жақындығын көрсететін маңызды оқиға екенін атап өтті. Абай есімі – түркі әлемін біріктіретін ұлы есімдердің бірі, деді ол.