Америкалықтар Абай өлеңдерін оқыды

10.08.2020 18:19

АҚШ-тың Калифорния штатында оқитын Людвиг қазақ тілін Fulbright FLTA бағдарламасы аясында үйреніп жүр

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өзінің Facebook парақшасында Абай өлеңдерін оқып жатқан америкалықтардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Сәлеметсіздер ме! Менің атым – Аби. Мен екі жыл бойы Америкада қазақ тілін оқыдым. Содан кейін Ақтау қаласында ағылшын тілінен сабақ бердім. Абайды қазақ тілінде оқыған сондай керемет!» – дейді америкалық бойжеткен.

АҚШ-тың Калифорния штатында оқитын Людвиг қазақ тілін Fulbright FLTA бағдарламасы аясында үйреніп жүр.  

«Бүгін мен Абай Құнанбайұлының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»деп аталатын өлеңінің алғашқы екі шумағын оқып беремін», – деді студент жігіт.

Джошуа да Абай өлеңдерін жақсы көремін дейді. Ол өзінің сүйікті шумағын оқып берді.


Жастарға үлкен кісілер де қосылды. Брет Уэстбрук қазақ тілін АҚШ-та жүріп үйренді. Оған Fulbright FLTA бағдарламасы аясында Америкаға барған мұғалім Әсем Ізмұханова дәріс берді.