Абай Құнанбаевтың ұлы поэзиясы мен музыкасының эссе кеші

02.03.2020 20:05

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эссе-кештің мақсаты – Абайдың мол мұрасын насихаттауға ерекше рең беру. Осы орайда поэзия мен музыка кешінде ойшылдың ілімі жаңа сипатта асқақтатылды

Almaty.tv

Алматыдағы Республика сарайында қазақтың ақыны, ойшылы және композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған поэзия мен музыка кеші өтті. Мерекелік іс-шаоаға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты.

Іс-шарада көрермендерге Хәкім Абайдың еңбектері ұсынылды. Хронология бойынша әзірленген эпизодтар поэзия, музыка және хореографиямен үйлесіп, бай мұраның сырын ашты. Кеште көрсетілген оқиғалар желісі Абай пейзаждарының суреттерінде көрініс тапты.