Алматыда зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Зиялы қауым өкілдері айтулы датаның тек қазақ үшін емес, бүкіл әлем хылқы үшін маңызды екенін айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлы тұлғаға тағзым. Бүгін Алматылықтарда Абай ескерткішіне гүл шоғын қойды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері Хәкімге құрмет көрсетіп, тағзым етті. Жиынға шаһар басшысынан өзге Мекемтас Мырзахметов, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов пен Ролан Сейсенбай сынды ел ағалары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Жақында Үкімет қаулысымен 10-шы тамыз Хәкімнің күні болып бекітілген еді. Келгендердің барлығы санитарлық талапты қатаң сақтап, әлеуметтік ара-қашықтықты ұстанып шараға қатысты. Зиялы қауым өкілдері айтулы датаның тек қазақ үшін емес, бүкіл әлем хылқы үшін маңызды екенін айтады.

«Елге, халыққа бұл күннің берері көп. Өйткені бұл қазақтың ұлы ақыны Абайдың тойы ғана емес, бұл Шеллердің тойы деп есептейміз. Бұл Пушкиннің тойы деп есептейміз. Бұл – Гете, Дантенің, үлкен ұлы ақындардың тойы, әлемнің тойы», – деді Жазушы, драматург Роллан Сейсенбай.

Ұлы ақынға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойғаннан кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев елмен әңгімелесіп, естелік фотоға түсті. Ал, мәдениеттанушы, Қазақстанның қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Абайды қазақтың басын біріктіруші деп ақынға баға берді.  

«Абай қоғамдағы проблемаларды көре білді. Көріп қана қоймай, оны шешу жолын іздеді. Мақсатына жетті. Қоғамның кемшін тұстарын жіпке тізіп, тығырықтан шығу тетігін тапты десек болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында жазылған дүниелер өте орынды. Абай тұтас халықты бірлікке, еңбектенуге және адал қызмет етуге шақырды. Оның қолынан келді», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.

Жиналғандардың дені Абай Құнанбайұлының ескерткішіне жылда келетіндерін айтады. Хәкімнің өлеңдерін жатқа айтқандар да болды.

БЛИЦ: 

1.Абай десе Абайсың,

 Абайладың жан-жақты,

 Риза еттің жарайсың,

 Қалың елді қазақты, – деп Қасым Аманжолов жырлағандай Абайды білмейтін қазақ кем де кем. Біз балаларымызды, немерелерімізді Абай өлеңдерімен азықтандырып, Абайдың қара сөздерін оқытып, әрдайым Абайға айналып соғып отырамыз.  

2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Ұлы ойшылдың жазған дүниелері ғасыр өтсе де өзекті. Абайдың жазбалары жас талғамайтыны белгілі. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай рухани реформаторы» мақаласында жазғандай Абай жолымен кемелденудің жолына түсу қажет. Сондықтан, Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз дейді ғалымдар.

Өмір Әнуарбек Рашид Шүкірәлиев «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров