Жер сілкінісі кезінде қандай басты ережелерді есте сақтау керек
Аlmaty.tv
10 қағиданы орындау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жер сілкінісі кенеттен болатындықтан, адамдардың басым көбі сасқалақтап, тиісті ережелерді ұстануды ұмытып кетеді. Осыны ескере отырып, ҚР Төтенше жағдай министрлігі тұрғындар назарына маңызды ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төмендегі 10 ережені есте сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болады:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінісі кезінде лифтімен және баспалдақпен түспеңіз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
- Дабыл жолсандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісіне дайын болып жүріңіз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
27.11.2026 11:00
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
27.11.2026 10:15
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
27.11.2026 14:00