«Шетсіз қала» қағидаты аясында белгілі өнер иелері қаладағы аудандарды аралап мәдени кеш берді
Наурызбай ауданы ұйымдастырған шараны тамашалауға аудан ардақтылары, тұрғындар мен зейнеткерлер келген. Мақсаты - Абай мұрасын қарапайым халық арасына насихаттау, өскелең ұрпақты өнерге баулу.
«Республика сарайына көп адамдар бара алмайды. Сондай оймен біз елге өзіміз барайық. Ұжымның шешуімен концерт ұйымдастырайық деп. Өйткені біздің ұжымда өте танымал әншілер өте көп, Қазақстан жұлдыздары көпшілігі. Сосын «жаңа ғасыр» жастар театры, ол Асанәлі Әшімов бастаған театры ұйымдастырған», - деді «Алматы әуендері» КМҚК көркемдік жетекшісі, әнші Бақтияр ТАЙЛАҚБАЕВ.