Іс-шараға Қазақстан азаматтары мен студенттері қатысты
Республика күні Түркияда ерекше аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығы ұйымдастырған мерекелік іс-шара әлемнің ең көркем жерлерінің бірі саналатын Босфор бұғазында өтті. Стамбул, Бурса, Измир және Сакарья сияқты қалаларда тұратын белсенді азаматтарымыз бен оқитын студенттер іс-шараға қатысты.