Қазақстандықтарға Республика күніне орай ғарыштан құттықтау жолданды
Depositphotos.com
Бүгін Байқоңыр қаласында Республика күніне орай үлкен мерекелік концерт өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) жұмыс істейтін ресейлік ғарышкерлер Қазақстан Республикасы күніне орай видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ХҒС-тағы ұзақмерзімді 68-экспедиция экипажы Сергей Прокопьев, Анна Кикина және Дмитрий Петелин Қазақстанның ғарыштан қаншалықты әдемі екенін, ғарышкерлерді жылы қарсы алатын қазақ жерінің қонақжайлылығын, Ресей мен Қазақстанның ғарыштағы ынтымақтастығын атап өтіп, бауырлас елге одан әрі өркендеу тіледі.
ХҒС-68 экипажы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2022 жылдың 21 қыркүйегінде ұшырылған болатын және орбитада алты айдан астам жұмыс істейді.
Бүгін Байқоңыр қаласында Республика күніне орай үлкен мерекелік концерт өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды
08.09.2026 09:34