Республика күні: Ертеңгі ұлт болашағы – бүгінгі ұстаздың шәкірті

Республика күні: Ертеңгі ұлт болашағы – бүгінгі ұстаздың шәкірті Almaty.tv

Алматы облысы Жамбыл ауданы А. Қарсақбаев атындағы орта мектепте бүгінде 20 жас маман жұмыс істейді. Солардың бірі –  орыс тілі пәнінің мұғалімі Арайлым Аманова, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен алғашқы еңбек жолын бастаған.

«Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. Мектеп ұжымы мені бірден жылы қарсы алды. Әріптестерімен тату, жайлы атмосферада жұмыс істеп келемін», – деді ол.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы ең алғаш рет қолға алынған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир