Мамыр айында үш мереке бар
2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Almaty.tv.
2026 жылы ресми жаңа жыл демалыстары 1-2 қаңтарға, ал Рождество 7 қаңтарға сәйкес келеді. Жаңа жыл аптаның соңына түсетіндіктен, 30-31 желтоқсан жұмыс күні, 1-4 қаңтар аралығында демалыс. Бес күндік жұмыс істейтіндер қаңтар айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 7 күн демалып, 24 күн жұмыс істейді.
Ақпан айында мереке жоқ.
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз.
Сәуір айында мереке жоқ.
Мамыр айында үш мереке бар: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі), 9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге түседі. Сол себепті қосымша бір күн демалыс беріледі: 8 мамырда (жұмада) немесе 11 мамырда. 27 мамыр – Құрбан айт.
Маусым айында бес күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 4 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Шілденің басында ел Астана күнін атап өтеді. 2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді.
30 тамыз – Конституция күні жексенбіге түседі, сондықтан 31 тамыз, дүйсенбі күні демалыс беріледі.
Қыркүйек айынша қосымша демалыс күндері жоқ.
Қазанда Республика күні аталып өтеді. 2026 жылы 25 қазан жексенбіге түсіп тұр, сондықтан 26 қазан, дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі.
Қарашада ел тұрғындары тек тек дәстүрлі сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
Желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Бұл күн сәрсенбіге түсіп тұр.