Алматы тарихшылары Республика күнінің маңыздылығын айтты

21.10.2022 19:39

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың диалог алаңында ұлттық мереке ретінде ұмытыла бастаған Республика күнінің мәртебесін қайтару идеясын айтқан болатын

РСК

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Сабырхан Смағұлов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің оқытушысы, тарихшы, PhD докторы Алмас Тоқсанбаев қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салайық, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен XII шақырылымында қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін бекітті.

Осы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың диалог алаңында ұлттық мереке ретінде ұмытыла бастаған Республика күнінің мәртебесін қайтару идеясын айтқан болатын. Ол қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестің жемісін 1990 жылы қабылданған декларациямен ұштастырғанын еске салды.

Мереке алдында Республика күнінің маңыздылығы туралы ҚазҰУ тарихшылары айтты.

Оқытушы Алмас Тоқсанбаев ұлттық мерекенің мемлекеттік мерекеден қандай айырмашылығы барын айтып берді. Сонымен, бұл тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы алғашқы тарихи орын алған датаны атап өту, оны жастарға барынша насихаттау және тарихи оқиғаларымызды жан-жақты Мемлекеттік мерекелерді тойлау орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралармен қатар жүреді. Ал мемлекеттік мерекелер қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналады.

«Ұлттық мерекелер қатарына ҚР алғашқы декларациясының қабылданғанын 25 қазанда атап өту Президенттің қолдауымен қайта жаңғыртып отыр. Біз ата-бабамыздан сонау ғасырлар бойы осы тәуесіздік үшін күрескен. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестің жемісін 1990 жылы қабылданған декларациямен ұштастырамыз», - деді А.Тоқсанбаев.

Әріптесінің ойын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан ҰУ  Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Сабырхан Смағұлов толықтырды.

«Біздің елімізде мерекелер үш топқа бөлінеді: ұлттық, мемлекеттік және кәсіби. Жалғыз ұлттық мереке – Республика күні. Бұл күн - Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ерекше тарихи маңызы бар оқиға», - деп жалғастырды тарихшы Смағұлов.

Студенттермен сабақта ҚазҰУ оқытушылары Декларация қабылданған атаулы датаны жайлы айтып, бұл күннің маңыздығы туралы айтатыны белгілі жайт. Және тек дәріс форматында ғана емес, университетте дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері ұйымдастырылады.

«Бұл тәуелсіздік туралы алғашқы құжат болғандықтан, оны барынша кеңінен насихаттау – әрбір тарихшы мен қазақстандықтың міндеті. Бүгін атаулы дата қарсаңында университет үлкен конференция өткізуді жоспарлап отыр. Біз студенттерге атаулы датаның маңыздылығын, Республика күнін басқа мемлекеттерде қалай тойлайтынын, сондай-ақ егемендіктің құндылығын айтамыз», - деді А.Тоқсанбаев.

Сабырхан Смағұловтың айтуынша, Республика күні көптеген елдерде аталып өтеді. Мысалы, Қытайда бұл күн бес күн бойы ұлттық мереке ретінде тойланады. Ресейде Республика күні 12 маусым күні мерекеленеді.

ҚазҰУ оқытушылары қорытындылай келе, отандастарын келе жатқан мерекемен құттықтады.

«30 жылдан астам уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.Әлемдік қауымдастық ортасынан оайып тұрып орын алдық. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп жатырмыз, нарықтық экномиканы қалыптастырдық,  халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Антиядролық қозғалыста көшбасшы болып табыламыз. Орталық Азияда, ТМД елдерінде көшбасшы орын аламыз. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауға, нығайтуға барлық Қазақстан азаматтары атсалысып, соның қасында болуымыз керек», - деп қорытындылады С.Смағұлов.