Алматыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

25.10.2022 19:55

Фермерлер 367 тонна азық-түлік әкеліпті

Almaty.tv

Алматыда екі күн қатар Түркістан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада өңірдің 14 ауданы мен 2 қаласынан келген фермерлер 367 тонна азық-түлік әкеліпті. Осылайша, ет және сүт, жеміс-жидектер мен көкөністер, шұжық өнімдері мен ұн, жармалар, өсімдік майы сынды тауарлар қала тұрғындарына қолжетімді бағада сатылды. Айта кетсек, ауылшаруашылығы жәрмеңкесі 10 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп жатыр.

«Өнімнің бағалары қаладағы нарық бағасына қарағанда 10-15 пайыз төмен. Өйткені мына біздің қойып жатқан шатырлар, сауда орындары Түркістан облысынан келген шаруа қожалықтарына тегін беріледі. Сол себепті делдалсыз келіп жатқан тауарлар ғой. Енді болашақта Қарағанды облысын күтіп отырмыз. Сол жақтан келеді деген ойдамыз», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының бас маманы Қанат Кәкен.