Республика күні қарсаңында Алматылық еріктілер 100 отбасына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Qamqor» қайырымдылық қорының мүшелері 3 күнге жалғасқан «Жанашыр жүрек» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы жанұялар, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жалғызбасты қарияларға тегін азық-түлік себетін таратты. Еріктілердің сөзінше, қайырымдылық шарасы арнайы ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған. Өйткені, атаулы датаның мән-маңызы зор. Сондықтан дәл осы күні мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, көпшілікке мерекенің ұлық екенін сезіндіру – басты мақсатымыз.
«13 жылдан кейін қайтарылған ұлттық мерекемізге орай осы іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз. Өйткені, бұл рухани тұрғыда өте маңызды болып табылады. Бұл азық-түлік себетінде отбасына ең бірінші керек азық-түлік бар», – деді «Qamqor» қайырымдылық қоры төрағасының орынбасары Ерасыл Ержанов.