Көрме 2 күнге созылады
Алматы музейінде «Менің республикам» атты көрме ашылды. Шара ел тарихы үшін маңызды мерекенің бірі – Республика күніне орайластырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі күнге созылатын көрменің әсіресе өскелең ұрпақ үшін мәні зор. Өйткені оның басты мақсаты - жастарға шығармашылық арқылы туған жерге, елге және табиғатқа деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді ояту.
«Бүгін Алматы музейінде Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты «Ұмай» балалар көркем сурет мектебімен бірлесе отырып, республика күніне орай «Менің Республикам» атты көрме ашылды. 1990 жылы Алматы қаласында 25 қазан күні ҚР -ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Бұл енді тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі болды», – деді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК мәдени ағарту бөлімінің меңгерушісі Кәмшат Жиенәлиева.