Егемен елдің іргелі қағидаты – Декларациясы қабылданған ерекше күн

Фото: Владимир Третьяков
Фото: Владимир Третьяков
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы керек. 25 қазанды айтулы күндер қатарына қосқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді. Ал өз кезегінде, елдің өнер қайраткерлері бұл күннің ұлттық сипатқа ие болуын қолдайды.

«Елім дейтін, ерім дейтін үлкен тұлғалар, азаматтар ұлтын сүйетін жандар көп болса екен деген бізде тілек-ниет. Мен үшін де Тәуелсіздік мерекесі, Республика күні – үлкен, ұлы мереке», – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева.

Егемен елдің іргелі қағидаты – Декларациясы қабылданған күн ерекше аталып өтілуі керек", – дейді өнер иелері. Өйткені, бұл датада республиканың саяси-құқықтық тәуелсіздігі жарияланған еді.

«Биыл осы айтулы күн іс-шара болып аталып өтілмек. Менің ойымша, бұл іс-шарада тек әнмен шашу шашып қана қоймай, еліміздің ертеңі, ұрпақтарымызға өнегелі іс-шара да мол болады деген сенімдемін. Сондықтан, барша отандастарымызды Республика күнімен құттықтаймын», – деді актер, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Әсет Иманғалиев.

Новости партнеров