Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары Әнұран шырқады

25.10.2022 21:55

Ауданда екі саябақ ашылды

Almaty.tv

Наурызбай ауданында 500-ге тарта тұрғын мемлекеттік Әнұранды шырқау үшін жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Ел Әнұранын әуелеткен азаматтар ұлттық мерекені ұлықтауға осылайша өз үлестерін қосты. Қос қуаныш қатар келген аудан тұрғындарын жергілікті әкімдік өкілдері де арнайы құттықтады.

«Бүгін ауданымызда екі үлкен саябақ ашу жоспарланып отыр. Біреуі – Ақжар ықшамауданында, екіншісі Қалқаман ықшамауданында. Осы уақытқа дейін саябақтың ең үлкені осы әкімдіктің алдында ғана болған және Тастыбұлақта болған. Ақжарық пен Қалқаман ықшамауданында болмаған», – деді  Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.