Дулыға Ақмолда: Республика күні - әр отбасы үшін орны бөлек мереке

15.10.2022 22:17

Бұл мереке елімізде 25 қазанда тойланады

13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке болып қайта оралды. Бұл мереке елімізде 25 қазанда тойланады. Еліміздің танымал тұлғалары аталмыш мереке жайлы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Әр мерекенің өзіндік маңызы бар. Республика күні - аты айтып тұрғандай, бүкіл республика болып, артымызға үңіліп, болашаққа болжам жасайтын күн. Бұл мереке үлкен көлемде тойланатын ғана емес, әр отбасы үшін орны бөлек мереке деп есептеймін. Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Республикак күні құтты болсын!" - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актеры Дулыға Ақмолда.