25 қазан – тарихи маңызды құжатқа қол қойылған күн

sputnik.kz
sputnik.kz
Ал өнерпаздардың айтуынша, бұл күннің маңызы әркімнің сана биігі, жүрек түкпірінде сақталуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тарих парағында маңызды құжатқа қол қойылып, ел егемендігіне жасалған қадамның мәнін арттырған Республика күні – биыл ұлттық мереке есебінде тойланбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал өнерпаздардың айтуынша, бұл күннің маңызы әркімнің сана биігі, жүрек түкпірінде сақталуы тиіс.

«Республика күнінің маңызы әрине, Декларацияға қол қойылған күн болғандықтан, сол күнге негізделіп белгіленген ғой. Әйтпесе, мен ойлаймын, Республика күні – әр адамның жүрегінде болуы тиіс мереке деп ойлаймын», – деді әнші Ғаділбек Жаңай.

13 жылдан кейін о бастағы мән-маңызына қайта оралған мерекені биыл асыға күтетіндер көп. Ал өнер қайраткерлерінің өзі елді қуантар ізгі жаңалықтарына дайындықты бастап кетті.

«Той өткізу міндетті емес деп ойлаймын, шындығында. Осы бір мерекелі датаны пайдалана отырып, біз халыққа, әсіресе жастарға еліміздің тарихы, жүріп өткен жолы, тәуелсіздікке қалай жеттік, сол турасында кең көлемде ақпарат беру, не болмаса олардың бойындағы патриоттық сезімін ояту деп ойлаймын», – деді дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова.

Новости партнеров