Ұлттық мереке қарсаңына орай Республика күнін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медицина саласының ардагерлері және ақ халатты абзал жандардың қатысуымен салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерекелі іс-шарада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков барлық қызметкерлерге кәсібилігі үшін алғыс айтып, медицина қызметкерлерін төсбелгілермен, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі мен қала әкімнің Алғыс хаттарымен марапаттады. Барлығы 15 медицина қызметкері төсбелгісімен марапатталса, оның 7еуі медицина саласында 50 жылға жуық тәжірибесі бар «Еңбек ардагері» төсбелгісін алды.
Үстіміздегі жылдың Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылы 14 қазандағы №1047 Жарлығымен Алматы қаласының 2 медицина қызметкерлері «Құрмет» орденімен және 8 дәрігері «Ерен еңбегі үшін» жоғары үкіметтік наградалармен марапатталды.
Республика күні барлық қазақстандық үшін маңызды күн.
Алматы қаласының мемлекеттік конституцияның дамуы мен маңызды шешімдердің қабылдануы, егеменді Республиканың құқықтық негіздерінің қалыптасуындағы жаңа дәуірдің маңызды оқиғалардың куәсі болып табылады.
Қазіргі уақытта Алматы ғылыми, мәдени, білім беру орталығы және отандық экономиканың нағыз локомотивіне айналды. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің денсаулық сақтау саласы да дамып, әрбір азамат өз денсаулығын сақтауда жетістіктерге жетті. Республика күні қарсаңында медицина қауымын, ардагерлерімізді Ұлттық мерекемен құттықтағым келеді!
«Елімізге өркендеу, қаламыздың мәртебесін көтеру, денсаулық сақтау саласын нығайту, ұжымдарыңызға күш-қуат және отбасыларыңызға өркендеу тілеймін!» - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің денсаулық сақтау жүйесін басқарған денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы Гүлшара Урмурзина да құттықтау сөз сөйледі. Ол сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің еңбегін және олардың Тәуелсіздік жылдарындағы белсенді қоғамдық қызметке қосқан үлесін атап өтті.
Осы тарихи маңызды күнде Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Қалибекова Гүлнара Зарқынбекқызы және Асенова Жазира Абусадыққызы ант қабылдады.
Мерекелік іс-шара эстрада жұлдыздарының ән шашуымен жалғасты.