Актер Әсет Иманғалиев отандастарды Республика күнімен құттықтады

20.10.2022 22:53

Елімізде Республика күні мерекесін атап өту іс-шаралары басталып кетті. Өнер майталмандары қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтап жатыр. Театр және кино актері Әсет Иманғалиев отандастарын Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«25 қазан егемендік туралы декларацияға қол қойылған айтулы күн. Сондықтан биыл бұл күнді үлкен іс-шара етіп аталып өтеді. Менің ойымша, бұл іс-шарада тек әнмен шашу шашып қана қоймай, еліміздің ертеңі, ұрпақтарымызға өнегелі іс-шара болады деген сенімдемін. Отандастырымзды шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді театр және кино актері Әсет Иманғалиев.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.