Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Армения министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Армения Премьер-Министрі құттықтауында Президентке алдағы еңбегіне табыс, зор денсаулық, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері айтарлықтай жетістіктерге жетіп, экономикасы серпінді дамып келе жатқан ел ретінде халықаралық аренада лайықты орны бар мемлекет.
Екіжақты және көпжақты, оның ішінде перспективалы жобаларды іске асыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты құру жөніндегі бірлескен күш-жігер біздің елдеріміздің мүддесіне толықтай қызмет ететініне сенім білдіремін», - деді Никол Пашинян.