25 қазан - егеменді еліміз үшін айтулы дата

22.10.2022 04:34

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай 25 қазан күнін егеменді ел үшін айтулы дата екенін айтып, барша қазақстандықты Республика күнімен құттықтады. 

«25 қазан - Республика күні. Бұл - егеменді еліміз үшін айтулы дата. Осы күні біздің егемендікке деген ең алғашқы қадамымыз. Сондықтан біз үшін, қазақстандықтар үшін тарихи дата. Мінекей, сол мерекемізді қайта атап өтетінімзге қуаныштымыз. Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын. Көк байрағымыз көкте желбіреп, дамыған елдердің қатарынан көрінудібіз тілейміз», - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.