Бауыржан Байділдә: Жаңа Қазақстан жаңа форматта әлемге танылуы керек

20.10.2022 00:06

"Республика күні, Жаңа Қазақстан жаңа форматта әлемге танылуы керек". Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Байділдә Жаңа Қазақстанның алғышарты туралы айтты.

"Республика күні, Жаңа Қазақстан жаңаша көрініс табуы керек. Жаңа және жақсы қырынан байқалуы керек. Қадамдардың оң болуына тілектеспін. Жаңа Қазақстан жаңа түрде, жаңа форматта әлемге танылуы керек.  Суретшінің сөзімен айтқанда, қанық бояуларымен танылуы керек", - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Байділдә.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.