Сәуле Жанпейісова: Бұл - біздің тәуелсіздік алуға жасалған алғашқы қадам

16.10.2022 00:50
Almaty.tv

Бұл - біздің тәуелсіздікке деген алғашқы қадам. Осылай деген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова мереке өзіне тән жауапкершілігін сезінуге септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл күн біздің тарихымызда 1990 жылы 25 қазанда егемендік декларациясына қол қоюмен ерекшеленеді. Бұл біздің тәуелсіздік алуға жасалған алғашқы қадам. Міне енді сол күнді атап өту жөнінде президентіміздің ұсынысы қолдау тауып, араға бірнеше жыл өтіп қайта мереке ретінде атап өткелі отырмыз. Бізге бұл мереке - «Егемендік» деген сөздің түпкі мән-мағынасын, атап өтудегі негізгі мақсатын, өзіне тән жауапкершілігін сезінуге септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова.