Бақыт Үсербаев: Республика күні - ата-бабаларымыз аңсап кеткен күн

16.10.2022 01:54

Мегаполистің “Желтоқсан” саябағында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. "Желтоқсан" ҚБ және Алматы қаласы  бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу, сондай-ақ саябақтың іргелес аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Желтоқсаншы Бақыт Үсербаев Республика күнінің маңызы жайлы айтып, қазақстандықтарды алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады. 

"Республика күні ата-бабаларымыз аңсап кеткен күн. Сол күнімізді ата өтіп жатырмыз. Оған да мың алғыс.  25 қазан – Республика күні қазақ жастарына үлгі-насихат. Жастар осы күнді бағалап, қуанышты күндеріміз көп болсын", - деді желтоқсаншы Бақыт Үсербаев.