Республика күні: Алматыдағы Астана алаңында мерекелік отшашу болды

Астана алаңында ұйымдастырылған концерт сағат 17-00-де басталған еді

Республика күні: Алматыдағы Астана алаңында мерекелік отшашу болды Almaty.tv

Ұлттық мерекеге орай Алматыдағы Астана алаңында мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды Almaty.tv.



Астана алаңында ұйымдастырылған Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт сағат 17-00-де басталған еді.  «Алашұлының» рухты әндері, «Ұлытау» тобының бойды шымырлатар туындылары мен Алишер Каримов, Бүркіт пен Қуандық Рахым сынды жұлдыздардың патриоттық әндері орындалды. 

Мерекелік концертке кәсіби домбырашылар мен балалар және академиялық хордың үлкен ұжымы да қатысып, көпке өнер көрсетіп жатыр. Концерт мерекелік отшашумен аяқталды. 

Сондай-ақ ұлттық мерекеге орай Астана қаласында Атырау көпірінің жанындағы аумақ пен Ботаникалық бақтан отшашу басталды. Ұзақтығы шамамен 10 минутқа созылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир