Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн

19.10.2022 02:17
Almaty.tv

Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн. Биылдан бастап елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде бекітіліп, тойланбақ. Алматыдағы қоғам белсенділері бұл күннің маңыздылығы туралы сөз қозғады. 

Саясаттанушы Жомарт Симтиков Егемендік декларациясы мемлекеттің егемендігін білдіретін заңды құжат деп санайды. 

«ҚР Республика күні мемлекеттік мереке ретінде биылдан бастап тойланбақ. Шындығында да, логикалық тұрғыдан алып қарағанда ҚР тәуелсіздік декларациясын жариялаған күн – мемлекеттің егемендігін білдіретін заңды құжат ретінде қабылданды. Ерекше мәртебе беріліп отыр. Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн. Тәуелсіз мемлекеттің тарихы егемендік декларациясынан басталатындықтан, бұл –  ерекше дата. Халық мерекені ерекше қарсы алады деген ойдамыз», – деді саясаттанушы Жомарт Симтиков.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.