25 қазан – халықтың еңсесі көтеріліп, бөрігін аспанға атқан күн

18.10.2022 в 02:31

25 қазан – халықтың еңсесі көтеріліп, бөрігін аспанға атқан күн. Осылай деген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова Республика күні қазақстандықтар үшін маңызды мереке екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Республика күні жалпы халық, қазақстандықтар үшін өте маңызды деп есептеймін. Бұл – біз тәуелсіздігімізді аңсаған күн. Алаш зиялылары ғасырлар бойы осы идея үшін, бостандық, егемендік үшін басын құрбандыққа тіккен. Республика күні 13 жылдан бері тойланбай, қайта жаңғырып жатқан мерекеміз. Оған біз қуаныштымыз. Бұл – халықтың еңсесі көтеріліп, бөрігін аспанға  атқан күн. Несімен құнды? Егемендігіміз туралы декларацияға қол қойылған күн. Шындап келгенде айтулы дата. Оны біз ұмытпауымыз керек. Егемендікті қай күні  алғанымызды өскелең ұрпақ білуі керек. Қандай сатылардан өттік? Міне, сол үшін де Республика күнін атап өту маңызды деп есептеймін», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.