Алма Аманжолова: Тәуелсіздік күнінен кейін маңызы зор мерекенің бірі - Республика күні

21.10.2022 03:43
Almaty.tv

Республика күні маңызы зор мерекенің бірі саналады және  адамның патриоттық сезімін арттырады. Осылай деген әнші Алма Аманжолова халықты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Отан оттан да ыстық" демекші, Тәуелсіздік күнінен кейін осы Республика күні маңызы зор мерекенің бірі болып саналады. Алматылықтарды, қала қонақтарын, отандастарды алда келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ішкі даудан, сыртқы жаудан аман болсақ, кедергілерден өтуге болады деп ойлаймын", - деді әнші.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.