Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2025 11:54

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады

«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады