Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті

assembly.kz
assembly.kz
Іс-шараға ҚХА мүшелері, республикалық ЭМБ басшылары мен өкілдері, Алматы қаласының ЭМБ басшылары мен өкілдері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі assembly.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 6 желтоқсанда Республикалық Достық үйінің баспасөз залында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараның модераторы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Нурумов Шаймардан Усаинович болды. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін, сондай-ақ Елбасы бағытын жалғастырған ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың рөлін атап өтті.

«Уйгур Авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Асматов Ершат Моллахунұлы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстан Республикасының 30 жылдық жетістігі» тақырыбымен, сондай – ақ Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, ҚХА мүшесі Кайрыев Рустам «Тәуелсіздіктің құрдастары – бәсекеге қабілетті жастар ұрпағы қалай қалыптасты» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Іс-шараның шарықтау шегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері болды, оны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, танымал жетекші және журналист Мая Бекбаева түсіріп, бейбітшілік пен келісім саясатының негізгі кезеңдері мен көпұлтты Қазақстанның тарихын көрсетті. Бірегей телевизиялық экспедиция еліміздің барлық өңірлерін қамтыды.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, республикалық ЭМБ басшылары мен өкілдері, Алматы қаласының ЭМБ басшылары мен өкілдері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Новости партнеров