Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады instagram

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құрметті алматылықтар! Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын!

Алматы болашаққа сеніммен қарайды. Біз қазір заманауи мегаполистің инфрақұрылымдық мәселелерін оңтайлы шешіп, балабақшамен мектептерді, аурухана мен спорт кешендерін салуды жүйелі жолға қойдық. Экологияны жақсарту жолында жұмыла жұмыс істеп, мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағынан осал азаматтарды жан-жақты қолдауға күш салып келеміз.

Біз өзіміздің түпкі мақсатымызға – әлемнің үздік қалаларының қатарына еркін ену жолына барлық күш-жігерімізді саламыз. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Бұл биік межелерге бірлесе қол жеткізетінімізге сенімім мол. Толайым табыс – әрбір алматылықтың өз қолында. Баршаңызға зор денсаулық, ортақ істе табандылық пен бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!" – деп жазды Instagram парақшасында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир