Жаңа өрт сөндіру депосының жалпы алаңы 3524 ш.м. 6 шақырылымға есептелген
Мерейлі датаны мерекелеу құрметіне Алатау ауданында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың қатысуымен заманауи өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев өрт сөндіру депосының, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлерін ең басты мереке – 30 жылдық мерейтойымен әрі ерекше мәнге ие Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Тәуелсіздіктің арқасында еліміз, қаламыз өсіп, дамып келеді. Бүгін біз жоспарлы түрде Жаңа Алматының қалаға қосылған шағынаудандарында жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік күшейтіліп, полиция бекеттері және биыл екінші рет өрт сендіру депосы ашылуда», - деді Б. Сағынтаев қала тұрғындарының игілігі үшін жақсы қызмет тіледі.
Жаңа өрт сөндіру депосының жалпы алаңы 3524 ш.м. 6 шақырылымға есептелген, оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және Алатау ауданының Индустриалды аймағын, оның ішінде Саялы, Көк-Қайнар, Томирис, Мәдениет шағынаудандары мен 71 разъездің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырады.
Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өрт сөндіруге арналған техникамен қатар, бөлік арнайы автотехникамен жабдықталған, оның ішінде биік ғимараттарға арналған.
«Мұнда 131 қызметкер жұмыс істейді. Бөлімде негізгі және арнайы мақсаттағы 10 заманауи өрт сөндіру автомобильдері орналасады. Жеке құрам үшін тұрмыстық үй-жайлар, демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдету бөлмесі, тренажер спорт залы қарастырылған», - деді Алматы қаласы ТЖД басшысы Руслан Қасымбаев.
Кәсіби дайындық үшін оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ бар. Сондай-ақ гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана мен пәтерлер қарастырылған. Бүгінгі күні қалада өртке қарсы қызметтің 18 бөлімшесі жұмыс істейді.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Наурызбай ауданында жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылды. Қазір Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағынауданында өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр.
«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын орындау аясында Алматы әкімдігінен 33 бірлік өрт сөндіру автотехникасы, өрт сорғы станциясы, екі өрт сөндіру автоцистернасы, 14 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 жылдам әрекет ету автомобилі, жеңдік автомобиль, авариялық-құтқару автомобилі, үш УАЗ автомобилі, шағын автобус, самосвал, екі жүк автомобилі алынды.